Артқа
Артқа

Азаматтардың өтініштері бойынша 2022 жылдың 1 тоқсанында жоспардан тыс мониторингке 468 шығу жүргізілді

Пациенттер сапасыз медициналық көмек көрсетуге жүгінген кезде, денсаулық сақтау саласындағы НҚА-ның ықтимал бұзушылықтары кезінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жоспардан тыс мониторинг жүргізеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ӘМСҚ Медициналық көмектің сапасын бағалау департаментінің директоры Лаззат Шоманова хабарлады.

 Жоспардан тыс мониторингтің қорытындылары бойынша қажет болған жағдайда экономикалық ықпал ету шаралары қабылданады, медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына, ҚР ДСМ МФБК-ге хаттар жіберіледі. Биылғы жылдың 1 тоқсанында жоспардан тыс мониторингке 468 шығу жүргізілді.

Жалпы, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациенттердің құқықтарын қорғау үшін халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне жүйелі негізде сараптама және мониторинг жүргізеді.

Қор өкілі атап өткендей, ТМККК және МӘМС бойынша жеткізушілердің халыққа көрсеткен медициналық көмегін Қор жоспарлы (ағымдағы) мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана қаржыландырады.

Қор сарапшылары көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемінің ақауларын анықтаған кезде жеткізушілерге бірыңғай жіктеуіште көрсетілген ақаулардың еселігі мен пайызы көрсетілген экономикалық әсер ету шаралары қолданылады.

«Сондай-ақ сарапшылар медициналық көмек түрлері бойынша мақсатты мониторинг жүргізуде. Ағымдағы жылы 2021 жылы жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді скринингтік зерттеулердің сапасы, 2021 жылы МӘМС шеңберінде ЭКҰ аяқталған жағдайларының сапасы бойынша нысаналы мониторинг жүргізу жоспарланған», – деп Медициналық көмектің сапасын бағалау департаментінің директоры хабарлады.

Сондай-ақ, ол 2021 жылдан бастап Қормен проактивті мониторинг жүргізу тәжірибесі енгізілгенін атап өтті. Бұл Қорға жеткізушілерге анықталған ақауларды жоюға және олардың одан әрі пайда болуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

«Медициналық ұйымдарға Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтерінің жұмысын жолға қою, оларды өз пациенттеріне таптырмайтын көмекші ету және олардың мұқтаждықтарына немқұрайлы қарамау маңызды. Бүгінгі таңда пациенттер өз құқықтарын қорғау үшін медициналық ұйымның өзіне емес, Қорға, Денсаулық сақтау министрлігіне немесе денсаулық сақтау басқармасына жүгіну керек деп санайды. Ішкі қызметтер азаматтардың сеніміне ие болғаннан кейін, біз бұл жұмысты ілгерілетеміз», – деп Ләззат Шаманова атап өтті.

22.04.2022
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНЫЙ СОВЕТ ФСМС: ДОСТИЖЕНИЯ И ПЛАНЫ
ҚОРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСІ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ЖОСПАРЛАР
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық-консультативтік кеңестің ағымдағы құрамымен соңғы отырысы өтті. Шарада 2024 жылдың алдын ала жұмыс қорытындылары шығарылып,  Қордың ахуалдық-талдау орталығының қызметі таныстырылды. Сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
25.12.2024
СКОЛЬКО ПЛАТИТЬ НА ОСМС В 2025 ГОДУ
2025 ЖЫЛЫ МӘМС-КЕ ҚАНША ТӨЛЕЙМІЗ
Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді.
24.12.2024
ЗАПУСК СУР: КОМУ ЭТО ВЫГОДНО И КАК БУДЕТ РАБОТАТЬ
ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ: БҰЛ КІМГЕ ТИІМДІ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Медициналық ұйымдарды тәуекел аймақтарына бөледі. Олардың үштен екісі «жасыл дәлізге» кіреді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында бұның қандай нәтиже беретінін түсіндірді.
20.12.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу